Перейти к содержимому

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ

«Өзенмұнайгаз» АҚ Корпоративтік қауіпсіздік департаментінемердігер/қосалқы мердігер мекемелерінің рұқсат құжаттарын алу үшін ұсынатын
1. Қоғам бас директорының атына хат (еркін түрде, міндетті түрде шарттың мәні, №, жасақталған күні, жұмыс түрі, жұмыс жасалатын нысанның атауы);
2. Шарт көшірмесі;
3. Келісілген айқындама, жұмыскерлердің өртке қарсы қауіпсіздік нұсқамасын өту туралы, айқындама өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін көрсететін мекемеде тіркелуі қажет.
4. Келісілген айқындама, көлік құралдарының немесе арнайы техниканың өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетіндігі жөнінде, айқындама өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін көрсететін мекемеде тіркелуі қажет.
5.Мердігер/қосалық өкілі айналма парағын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін көрсететін мекемемен қол таңбасын қою арқылы келісім жасау қажет.
6.Егер қажеттік туындаған жағдайда мердігер/қосалқы мердігер тарапынан қосымша басқа да құжаттар сұратылуы мүмкін (жұмыскерлерінің еңбек шартының, бұйрықтарының, сертифекат, жұмыс жасауға рұқсат беретін лицензияның, жобалау-сметалық құжаттамалары, жұмыскердің біліктілігін растайтын құжаттар және т.б.);
7.Егер мердігер/қосалқы мердігер мекеменің жеке автокөлік құралы, арнайы техникалары болған жағдайда көлік құралын тіркеу туралы куәлік көшірмесін, егер жалданған болса, жалға алу шартының көшірмелерін беруге тиіс;
8.Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша сауалнамасын толтырып, содан кейін ЕҚжӨҚД сканерленген нұсқада немесе электрондық пошта арқылы тапсыруға, содан кейін айналып өту парағын келісуге.
9.Егер қызмет көрсету Қоғамның энергия желілеріне/электр жабдықтарына қызмет көрсетумен байланысты болса, онда ӨЭМБ жауапты жұмыскері, мердігер/қосалқы мердігер мекеменің жұмыскерлеріне нұсқаулық өткізіп, айналма парағына қол таңбасын қояды.
10.Мердігер/қосалқы мердігер ұйымның жұмыскері Қоғамның ҚБ/ӨҚБ нысандарында жұмысқа шығатын GPS трекерлері орнатылған автокөліктердің немесе арнайы техникаларының тізімдерін ТД жауапты жұмыскеріне ұсынады, егер GPS трекерлері жарамды болып жұмыс жасап тұрған жағдайда, ТД жауапты жұмыскері айналма парағына қол таңбасын қойдырады.

ЖАДЫНАМА МЕРДІГЕР/ҚОСАЛҚЫ МЕРДІГЕР ҮШІН

1.Мердігер/қосалқы мердігер мекеменің жұмыскерлері, көлік құралдары мен арнайы техникалары Қоғамның өндірістік аумағына кірген уақытта, дағдылы түрде кіріп шығу (Е-165-08-09) ережесінің талаптарын, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген басқа да талаптарды тиісінше орындау жөнінде міндеттемені өз мойнына алады. 
2.Мердігер/қосалқы мердігер мекемелері Қоғамға қарасты өндірістік нысандардың аумағында және өндіріс нысандарында күзет қызметін көрсететін күзет ұйымының жұмыскерлерінің, КҚД тобының инспекторларының заңды талаптарына бағынуға, сонымен қатар ҚР-ның өртке қарсы қорғаныс, экологиялық, өндірістік және экологиялық Заңнамаларының талаптарын қатаң түрде сақтауға міндетті.
3.Күзет аймағында тасымалданатын барлық ТМҚ немесе басқа да жүктердің шығу тегін дәлелдейтін сүйемелдеу құжаттары болуға тиіс (тиісінше жасақталған тауарлық-көліктік жүк құжат, жіберген адамның аты-жөні, қолтаңбасы, мөрі басылған және т.б. құжаттар) күзет ұйымының жұмыскерлері немесе КҚД тобының инспекторлары жүк тасымалдайтын немесе басқа да көліктерді, арнайы техникаларды тоқтатып тексеруге құқықтары бар, егер тасымалданатын ТМҚ-ның немесе басқа да жүктердің құжаттары сәйкес келмесе, оның шығу тегінің заңдылығын анықтау мақсатында оқиға болған жерге құқық қорғау органдарының және КҚД-нің өкілдерін шақыртуға құзырлы.
4.Қоғамға қарасты өндірістік нысандардың аумағында жалғамада көрсетілмеген жұмыскерлерді, автокөліктерді немесе арнайы техникаларды пайдалануға тыйым салынады, егер күзет ұйымының жұмыскерлері немесе КҚД тобының инспекторлары ондай мән-жайды анықтаған жағдайда, анықталған жұмыскерлерді, автокөліктерді және арнайы техникаларды өндірістік аймақтан шығарып, тиісті құжаттарды жинақтап (қызметтік хат, айқындама, сурет және т.б.) Мердігер/қосалқы мердігер мекемесіне ескерту беруге құзырлы.
5.Егер Мердігер/қосалқы мердігер мекеменің арнайы техникалары болып, олар өндірістік аймақта орналасып, өз бетінше жанар-жағар май құйю бекетіне бара алмаған жағдайда, заң талаптары сақталып, жанар-жағар май құйғыш көлігі (АЦН) болуға тиіс немесе сондай қызмет көрсету жөнінде шарты болуы қажет.
6.Мердігер/қосалқы мердігер мекеменің автокөліктерінің, арнайы техникаларының алдыңғы терезелерінде, есіктерінде мекеменің толық атауы үлкен әріптермен жазылған логотипі болуға тиіс.
7.Қоғамның кіріп-шығу (Е-165-08-09) ережесінің талаптары мердігер/қосалқы мердігер мекемлерінің тарапынан тиісінше орындамаған жағдайда, рұқсат беру құжаты кері қайтарылып алуға негіз болады және жұмыскерлері, арнайы техникалары, автокөліктері өндірістік аймақтан шығарылады.
8.Егер мердігер/қосалқы мердігер мекеме Қоғамның өндірістік аймағында жасақталған Шарт талаптарын орындауға жаңадан жұмыскерлерді, автокөліктерді немесе арнайы техникаларды тартқан жағдайда, ол жөнінде тиісті хат жазылып, қайтадан құжаттарды жинақтауға міндетті.
9.Егер Мердігер/қосалқы мердігер мекеме Қоғамға қарасты өндірістік аймаққа кіріп-шығуға рұқсат құжаты жоқ жұмыскерлерді, автокөліктерді немесе арнайы техникаларды пайдаланған жағдайда, өзара жасақталған Шарт және Қомғаның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес, Мердіргер/қосалқы мердігре мекемеге сын-талап жұмыстарын жүргізу жөнінде, жинақталған құжаттар көшірмелерін тіркеп, бағдарлама әкімгеріне қызметтік хат жолдауға құқығы бар екендігін ескертемін.
10.Рұқсат құжатының мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
11.Рұқсат құжатының қосымшалары мен айналма парағы болмаса, рұқсат құжаты жарамсыз болып есептеледі.
12.Қоғамға қарасты өндірістік аймаққа атыс, суық қаруларды, арнайы құрылғыларды немесе ҚР азаматтық тауар айналымына тыйым салған басқа да заттарды алап кіріге қатаң түрде тыйым салынады.
13.Өндірістік аймаққа тез жанғыш, тұтанатын материалдарды, жарылғыш заттарды, алкогольдік сусындарды, есірткі, психотроптық немесе ҚР заңнамасымен пайдалануға тыйым салынған басқа да заттарды алып кіруге.